Ту астында

lat: Tý astynda.

Адамдардың ортақ мақсатпен топтасқан, ұйымдасқан, басы біріккен орны.

Жауыздық тамырын қияйық,

Қулардың аранын тияйық,

Ақ ниет азамат ерлерді,

Бір тудың астына жияйық (С.Сейфуллин, Өлеңд.).

Алаш туы астында, куә болсын арымыз.

Көркейтуге Алашты құрбандық біздің жанымыз! (С.Торайғыров, Алаш ұраны).